F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ұрпақтар сабақтастығы: ШҚО-да белсенді ардагерлер марапатталды

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
23.07.2026, 09:44
Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында ҚР «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы Әбілғазы Құсайыновтың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Оған өңірдегі қалалық және аудандық ардагерлер кеңестерінің төрағалары бастаған 50-ден астам адам қатысты, деп хабарлайды F16.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиын барысында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов ардагерлердің қоғамдағы маңызды күш болып қала беретінін, олардың жастар тәрбиесінде, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуда және қоғамдық келісімді сақтауда ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

Біз ардагерлер қауымымен тұрақты түрде кездесіп, өңірдің өзекті мәселелерін талқылаймыз әрі олардың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесіне әрдайым сүйенеміз. Бүгінде облыстық ардагерлер ұйымы 130 мыңнан астам адамды біріктіріп отыр. Қалалар мен аудандарда 500-ге жуық бастауыш ардагерлер ұйымы табысты жұмыс істеп келеді. Олар аймақтың қоғамдық өміріне белсенді араласып, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге зор үлес қосуда, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

ШҚО әкімі облыста аға буын өкілдерінің өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын жеткізді. Қазіргі таңда аймақта 175 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықтарда зейнеткерлер спортпен шұғылданып, шығармашылықпен айналысады, жаңа білім мен дағдыларды меңгеріп, белсенді өмір салтын ұстанады.

Кездесу барысында  Әбілғазы Құсайынов ардагерлер ұйымдарының жұмысына негіз болатын жеті басым бағытқа тоқталды. Олар – аға буынға құрметті нығайту, жастар арасында кітап оқуды насихаттау, тарихи жадыны сақтау, отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұлттық болмысты нығайту, адал әрі жасампаз ұрпақ тәрбиелеу, зиянды әдеттер мен құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу.

Елдің болашағы балаларымызға қандай құндылықтарды сіңіретінімізге тікелей байланысты. Ардагерлер жастарды тәрбиелеуде маңызды рөл атқарып, үлкенге құрметті, кітапқа, еңбекке, туған ел мен оның тарихына деген сүйіспеншілікті қалыптастыруы тиіс. Осындай құндылықтар арқылы біз жасампаз ұрпақты тәрбиелей аламыз, – деді ҚР «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы Әбілғазы Құсайынов.

Кездесу соңында марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің «Құрмет белгісі» төсбелгісімен Катонқарағай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәнібек Қызыров, Глубокое ауданы Краснояр ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Нина Ершова және Ұлан ауданы Аблакет ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Әлімхан Оразаев марапатталды.

Дөңгелек үстел қорытындысында қатысушылар ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, ұлттық және дәстүрлі құндылықтарды сақтауға, жастарға патриоттық тәрбие беруге бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

Тегтер: ардагерлер ұйымыШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі артып келеді

ШҚО-да 95 мемлекеттік қызметшінің еңбек құқығы қорғалды

15.09.2026, 12:55
Полиция қызметкері отқа оранған үйден баланы аман алып шықты — ШҚО

Полиция қызметкері отқа оранған үйден баланы аман алып шықты — ШҚО

15.09.2026, 10:11
Президент Hanwha Group компаниясына Қазақстанда бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

Президент Hanwha Group компаниясына Қазақстанда бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

15.09.2026, 09:17
Туризм күні: ШҚО-да туристік саланың үздіктері анықталады

Туризм күні: ШҚО-да туристік саланың үздіктері анықталады

14.09.2026, 15:44

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да 95 мемлекеттік қызметшінің еңбек құқығы қорғалды

15.09.2026, 12:55

Полиция қызметкері отқа оранған үйден баланы аман алып шықты — ШҚО

15.09.2026, 10:11

Президент Hanwha Group компаниясына Қазақстанда бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

15.09.2026, 09:17

ЖОО-ға түсіруге уәде берген: Өскемен тұрғыны 3 миллион теңгесінен қағылды

14.09.2026, 17:18

Туризм күні: ШҚО-да туристік саланың үздіктері анықталады

14.09.2026, 15:44

Ауыл балаларының сапалы білім алуына жағдай жасалып жатыр — Күршім

14.09.2026, 14:44

ШҚО-да 5 лауазымды тұлға мен 2 басшы жауапқа тартылды

14.09.2026, 11:00

Ұлан ауданында жаңа сквер ашылды

14.09.2026, 10:05

Өскемендік «Алтай» сырт алаңда «Ұлытаудан» басым түсті

14.09.2026, 09:19

ШҚО әкімі Күршім ауданындағы спорт нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026, 16:52

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған