1 қыркүйектен бастап бакалавриат, магистратура және докторантурада оқитын студенттердің шәкіртақысы өседі. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды F16.kz.
Вице-министрдің айтуынша, бакалавриат үшін стипендияның өлшемі 52 372 теңге, магистратурада 117 098 теңге және докторанттар үшін 262 500 теңгені болады. Айта кету керек, бакалавриат деңгейінде стипендия көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 2 есеге, ал магистратура және докторантура деңгейінде 1,75 есеге артқан.
Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жатақханаларда орын беру жөніндегі мемлекеттік қызмет проактивті формат бойынша ұсынылатынын да атап өтті.
Фото: globenewswire.com