Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті және қалалық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетінә шкереледі, деп хабарлайды F16.kz.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, бұл қылмыстық топ соңғы бірнеше жыл бойы әлеуметтік желілер арқылы жұмыс істеп келген. Күдіктілер әлеуметтік осал топтағы әйелдерден, соның ішінде шетел азаматтарынан туған сәбилерді заңсыз жолмен алып, сатып отырған.
Құқық қорғау қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар барысында жаңа туған ұл баланы қомақты ақшаға сату әрекетінің жолы кесілді. Күдіктілер қылмыс үстінде ұсталды. Сәби мемлекет қамқорлығындағы тиісті мекемеге орналастырылды.
Фото: polisia.kz/видеодан алынған кадр