Өскемендік әскери қызметшілер 1-сыныпты сержант Қуат Қасымов, 3-сыныпты сержант Данияр Сапаралиев және сержант Санат Қазбеков Жеңістің 80 жылдығына орай 80 шақырымға жүгірді.
Өскемен гарнизоны 27943 әскери бөлімінің үш әскери қызметшісі жүгіруді Сұлусары ауылының тұсынан бастап Жаңа Ахмер кентіндегі әскери бөлімде аяқтады.
8 сағат 24 минутқа созылған марафон әскери қызметшілер үшін тек спорттық жетістік қана емес, Отан үшін жанын қиған батырларды еске алудың жарқын үлгісі. Марафоншыларды әріптестері құрметпен қарсы алды.
Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі