2025 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанда көліктің барлық түрімен 928 миллион жолаушы тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға артық, деп хабарлайды F16.kz.
Көлік министрлігі таратқан ақпаратқа сенсек, елімізде әдеттегідей автомобиль және қалаішілік тасымал түрлері ең көп сұранысқа ие.
– 2025 жылдың басынан бері автобустар, таксилер, маршруткалар мен троллейбустар 911,1 миллион жолаушыны тасымалдаған, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 10,7%-ға көп, – деп хабарлайды министрліктен.
Әуе көлігімен 7,2 миллион жолаушы қатынаған, бұл 6,1% өсімді құрайды. Сондай-ақ, теміржол көлігінің қызметіне 9,5 миллион жолаушы жүгініпті.
Жүк тасымалдау көлемі де шамамен 11%-ға өскен. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында 550,8 миллион тонна жүк тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 10,9%-ға артық.
Негізінен астық, көмір, түсті және қара металдар, құрылыс материалдары, мұнай өнімдері және басқа да жүк түрлері тасымалданған.