5-10 қараша аралығында Шанхай қаласында Қытайдың сегізінші халықаралық импорт көрмесі өтті. Көрмеге елімізден сүт, ұн, май, сусындар, бал және тұз өндіру саласындағы 40-тан астам отандық компания қатысты, деп хабарлайды F16.kz.
Нәтижесінде, қазақстандық май зауыттары Қытай сауда компанияларымен майлы дақылдар мен май өнімдерін жеткізу жөнінде жалпы құны 55 миллиард теңге болатын келісімшарттарға қол қойды.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының екі кәсіпорны жалпы құны 26,2 миллиард теңгеге өсімдік майын жеткізу жөніндегі келісімшартқа қол қойды, — делінген облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының хабарламасында.




