F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Агроөнеркәсіптік кешенге 26 млрд теңге инвестиция тартылды — ШҚО

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
08.09.2026, 10:20
Ауыл шаруашылығы, Басты, Жаңалықтар
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешеніне 25,8 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 81%-ға көп. Бұл туралы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте айтылды, деп хабарлайды F16.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тартылған инвестицияның 23,7 млрд теңгесі ауыл шаруашылығына, тағы 2,1 млрд теңгесі тамақ өнімдерін өндіруге бағытталды.

Биыл өңірдің агроөнеркәсіптік кешеніне 118 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған. Осы мақсатта облыста мемлекеттік қолдаудың бірқатар тетігі жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде жеңілдетілген несие беру, техника мен жабдықтарды лизингке алу, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Ауыл аманаты» бағдарламалары бар.

Жыл басынан бері  «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі арқылы аймақтың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 15,5 млрд теңгеге 458 техника мен жабдықты лизингке алды. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 6,6%-ға жоғары.

ШҚО-да ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары да жалғасып келеді. Атап айтқанда, Үлкен Нарын, Тарбағатай, Күршім, Зайсан аудандары мен Өскемен қаласында жеңілдетілген қаржыландыру есебінен бірқатар жоба іске асырылуда.

Ауыл кәсіпкерлігін дамытуға «Ауыл аманаты» бағдарламасы да серпін беріп отыр. Биыл ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, техника мен жабдықтар сатып алу бағыттары бойынша жалпы сомасы 492,7 млн теңгені құрайтын 36 жоба қаржыландырылды.

Мал шаруашылығына да ерекше көңіл бөлінуде. «Игілік» және «Береке» жеңілдетілген несие беру бағдарламалары аясында өңірге 6,7 млрд теңге қарастырылған. Шемонаиха, Ұлан, Катонқарағай аудандары мен Алтай ауданында асыл тұқымды ірі қара мал мен маралдың импорттық аналық мал басын сатып алу жобаларын жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция тарту жұмыстарын күшейтіп, жоспарланған жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету міндетін қойды.

Әр аудан бойынша нақты жағдайды білу, инвестициялық жобаларды тұрақты бақылауда ұстау және нақты салынған инвестиция көлемін уақтылы көрсету маңызды. Басты міндет — инвестиция тартумен ғана шектелмей, жаңа өндірістерді іске қосу, қайта өңдеу саласын дамыту және жұмыс орындарын құру, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

ШҚО қалалары мен аудандарының әкімдері ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі салаларындағы қолданыстағы және жоспарланған инвестициялық жобаларға түгендеу жүргізуі қажет. Сондай-ақ жобалардың іске асырылуы мен тартылған қаражатқа ай сайынғы мониторинг жүргізу жұмыстары күшейтіледі.

Тегтер: F16ауыл шаруашылығыИинвестицияШҚО әкімі
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-ға 52 мың доза вакцина жеткізілді

ШҚО-ға 52 мың доза вакцина жеткізілді

15.10.2026, 17:13
Өскеменде интернеті бар көше шамдары ортанылып жатыр

Өскеменде интернеті бар көше шамдары ортанылып жатыр

15.10.2026, 17:00
«Жүк көліктері жолды бүлдірді»: Ново-явленка тұрғандары әкімге шағымданды

«Жүк көліктері жолды бүлдірді»: Ново-явленка тұрғандары әкімге шағымданды

15.10.2026, 16:00
Рахман қайнарында этномейрамхана ашылуы мүмкін

Рахман қайнарында этномейрамхана ашылуы мүмкін

15.10.2026, 16:00

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-ға 52 мың доза вакцина жеткізілді

15.10.2026, 17:13

Өскеменде интернеті бар көше шамдары ортанылып жатыр

15.10.2026, 17:00

«Жүк көліктері жолды бүлдірді»: Ново-явленка тұрғандары әкімге шағымданды

15.10.2026, 16:00

Рахман қайнарында этномейрамхана ашылуы мүмкін

15.10.2026, 16:00

ШҚО-да жаңа ғылыми-зерттеу институты ашылды

15.10.2026, 15:27

Өскеменде «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық конференциясы өтіп жатыр

15.10.2026, 14:06

Катонқарағай еліміздегі алғашқы «Жасыл аудан» атануы мүмкін

15.10.2026, 11:21

«Таза Өскеменнің» экс-басшысы 7 жылға сотталды

15.10.2026, 10:47

11 градус аяз: Шығыста күн күрт суытады

15.10.2026, 10:18

Өскемендегі конденсатор зауытының қоймасы өртенді

15.10.2026, 09:21

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған