Самар ауданында үш мың гектарға жуық жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды F16.kz.
Самар ауданының прокуратурасы талдау жүргізіп, инвестициялық жобаны іске асыру үшін берілген бес жер учаскесінің ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсатына сай пайдаланылмағанын анықтаған.
«Ағымдағы жылғы тамыз айында ЖШС меншік иесі бизнес-бастаманы дамытудан бас тартқан. Бұл шешімді кәсіпорын өз бетінше қабылдаған және ол әкімшілік кедергілермен байланысты емес. Алайда нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған бөлінген жерлер мемлекетке қайтарылмаған», — деп мәлімеді прокуратура.
Осыдан кейін құны 180 млн теңге болатын жалпы ауданы 2 930 гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.




