Үш аптадан астам уақыт бойы иесінің қарауынсыз қалған 30 бас жылқы дронның көмегімен табылды, деп хабарлайды F16.kz.
Мал иесі алдымен іздестіру жұмыыстарын өз бетінше жүргізген. Еш нәтиже болмаған соң Марқакөл ауданының полиция бөлімшесіне жүгінген. Полиция қызметкерлері жоғалған үйірдің орналасқан жерін дронның көмегімен бірнеше сағаттың ішінде анықтады.
Мал иесі полиция қызметкерлеріне жедел әрекеті, кәсіби шеберлігі және көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді. Бүгіндезаманауи техникалық құралдар қызмет барысында маңызды көмекшіге айналып келеді. Ұшқышсыз ұшу аппараттары ауқымды аумақтарды шолуға, жоғалған малды іздеуге және қызметтік міндеттерді тиімді орындауға мүмкіндік береді, — дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Полиция мал иелерін төрт түлікке тиісті күтім жасап, қараусыз қалдырмауға шақырады. Мал жоғалған жағдайда уақыт оздырмай, 102 нөміріне хабарлау қажет.




