Кеше Республика алаңында Наурыз мерекесінің ажарын ашқан ұлттық ойындар өтті.
Солардың ішінде қой көтеру ерекше тартысты болды – қатысушылар күш пен төзімділіктерін сынап, қошқарды барынша көп көтеруге тырысты.
Жарыстың бас жүлдесін қарапайым қазақ келіні Айым Нұржанқызы жеңіп алды. Ол қошқарды 100 рет көтеріп, жарыстың абсолютті чемпионы атанды.