F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: рухани мерекенің алғашқы күні тарихи сәттермен өрнектелді

F16 F16
14.06.2025, 10:30
Жаңалықтар, Катонқарағай

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық фестивальдің алғашқы күні мәресіне жетті. Төр Алтайдың қойнауын дүбірге бөлеген ұлы жиын — бүгінгі қазақ руханиятына олжа салған, ертеңгі ұрпаққа өнеге болып қалатын тағылымды күн болды деуге әбден лайық. Таң шапағымен қатар республикалық және өңірлік деңгейдегі игі шаралар легі басталып, ұлтымыздың мәдени кеңістігіндегі сөз зергерлерінің рухы тағы бір жаңғырды. Фестивальдің алғашқы жартысында ежелгі Алаштың алтын жұрты — Алтайдың төрінде «Ұлттық рух жыршысы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.

Келелі басқосуға елдің түкпір-түкпірінен келген ақын-жазушылар, әдебиет пен тіл ғылымының белді өкілдері, абыз ақсақалдар мен жоғары лауазымды меймандар жиналып, фестивальдің ұлттық бірлік пен рухани жаңғыруға қосар үлесін жоғары бағалады. Қадірлі қонақтар Катонқарағай өңірінің тек табиғат әсемдігімен ғана емес, рухани туризмнің өзегіне айналуы керектігін атап өтті.

 Алтай — түркі өркениетінің жүрегі, алтын көмбесі. Көне дәуірлерден бері түркі дүниесінің пассионарлық толқындары дәл осы Алтайдан бастау алғанын тарих куәландырады. Сол себептен де Алтай — күллі түркі жұрты үшін баға жетпес қазына. Бүгінде әлемде «рухани туризм» деген ұғым бар. Қайсыбір түркі мемлекетіне — мейлі Әзірбайжан, Түркия немесе Өзбекстан болсын — барсақ, сол елдің зиялысы да, қарапайымы да Алтайды — түркі баласының түп-тұқияны, ата жұрты деп таниды. Ендеше ең әуелі сол рухани құндылыққа түркі әлемінің өз өкілдерін тарту маңызды. Соңғы екі жылда Катонқарағайда туризмнің қарқыны артты. Бүгінгі шаралар — осы өлкеге деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, экономикалық серпіліске де нақты демеу болмақ, — деді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Катонқарағай ауданының құрметті азаматы Ерлан Саиров.

Ғылыми отырыста ғалымдар тың ой, тұшымды пікір өріп, Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрының ұжымы «Дидахмет Әшімханұлына арнау» атты әсерлі композиция ұсынып, көрермен қауымға жазушының ғибратты ғұмырын көркем образдар арқылы паш етті.

Бұл конференция — жерлестерімізге рухани насихаттың үлкен мектебі болды. Ақын-жазушыларымыздың еңбектеріне тағы бір үңілуге түрткі болды. Катонқарағай табиғатымен де, сөз зергерлерімен де мақтана алады. Көкірекке көп ой түйіп, үлкен мұра арқалап қайтып барамыз, — дейді Топқайың ауылы Қалихан Ысқақ атындағы орта мектеп директоры Айдын Сайлауханұлы.

Зиялы қауым өкілдері жазушының шығармаларын жаңа қырынан ашып, оның бүгінгі қоғам үшін маңызын айқындап, жас ұрпаққа аманат болар рухани қазынасын насихаттады.

Дидахмет Әшімханұлы — қазақ прозасының қарым-қатынас реализмін өрнектеген қаламгер. Ол тек прозада ғана емес, қазақ филологиясының дамуына да сүбелі үлес қосты. Бүгінгі жиын — «Ұрпақтар сабақтастығы» ұғымының нақ бейнесі, — деді Ерлан Саиров.

Ғылыми жиын аясында Дидахмет Әшімханұлы мен Қалихан Ысқақтың шығармашылығына арналған кітаптар мен фотосуреттер көрмесі де жұрт назарына ұсынылды.

Тегтер: F16КатонқарағайМәдениет
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған