Қазақстанда Атом есімді бес адам бар.
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Бес адамның ішінде ең кішкенесі 3 жаста, ең үлкені – 66 жаста. Олар Ақмола, Қостанай облыстары мен Алматы, Астана қалаларында тұрады.
Сондай-ақ елімізде Атомжан, Атомбек, Атомвек, Атомтай деген де есімдер бар екен:
— Атомжан — 2 адам;
— Атомбек — 6 адам;
— Атомвек — 2 адам;
— Атомтай — 1 адам.
Олардың көбінің жасы 47-ден асқан.
Фото: optimism.kz