Ел аумағында қаржы пирамидаларының қызметіне тыйым салынған. Десе де елді сан соқтырып жатқандарға тоқтау болмай тұр. Соңғы екі жылда экономикалық тергеп-тексеру департаменті Шығыс Қазақстан облысы аумағында алты қаржы пирамидасының қызметін тоқтатқан, деп хабарлайды F16.kz
тілшісі.
Бұл қаржы пирамидаларына 250-ден астам азаматтың 400 млн теңгеден астам қаражаты тартылған.
Айта кету керек, қаржы пирамидасын құрған және басқарған, сондай-ақ оның қызметін жарнамалаған адам Қылмыстық кодекстің 217-ші және 217-1 баптарымен қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Фото: gov.kz