21 жастағы Бибісара Асаубаева Қазақстандағы гроссмейстер атағына қол жеткізген екінші әйел атанды. Ол мұндай атаққа үшінші гроссмейстер нормасын орындаған соң ие болды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі республикалық шахмат федерациясына сілтеме жасап.
Біріккен Араб Әмірліктерінің Шаржа қаласында өткен Sharjah Masters-2025 турнирінде біздің спортшы 64 гроссмейстердің ішінен алғашқы отыздыққа еніп, әйелдер арасында үздік нәтиже көрсетті. Енді халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) ресми растауы ғана қажет.
БАӘ-де өткен додада отандасымыз алғаш рет 2 500 рейтингтік межеден асты. Тартысты өткен сында Бибісара әйелдер Гран-приінің жеңімпазы Чжу Цзиньэр мен Олимпиада чемпионы Дивья Дешмукхты артта қалдырды.
Еске салайық, елімізде қыз-келіншектер арасында гроссмейстер атағына ие болған бірінші адам Жансая Әбдімәлік болатын.
Фото: bibisarachess/instagram