F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Глубокое ауданы: тұрақтылық пен даму жолында

Nurjan Kenjeuly Nurjan Kenjeuly
03.11.2025, 17:15
Аудан айнасы, Ауыл шаруашылығы, Әлеумет, Біздің медицина, Білім мен ілім, Глубокое, Қоғам, Құрылыс, Мәдениет, Туризм, Экономика
Глубокое ауданы: тұрақтылық пен даму жолында

Фото: F16.kz

Глубокое ауданында негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика сақталып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аудан әкімі Эльдар Тумашинов мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.

Э.Тумашиновтың айтуынша, ауданның дамуы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел халқына арнаған соңғы Жолдауында белгіленген стратегиялық бағыттарға сай жүзеге асырылуда. Президент атап өткендей, еліміз жасанды интеллект пен цифрлық трансформация дәуіріне қадам басуда, ал Глубокое ауданы бұл үдерістен қалыс қалмай, барлық салада жаңашылдыққа бет бұрған.

ӨНЕРКӘСІП ПЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА СЕРПІН БАР

Белгілі болғандай, жыл басынан бері ауданда 1 252 жаңа жұмыс орны құрылып, жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыз шамасында болды. Орташа айлық жалақы 13,3 пайызға өсіп, 394 мың теңгеден асты. 2029 жылға дейінгі бес жылдық экономикалық даму жоспары бекітіліп, оның аясында 92,3 миллиард теңге көлемінде жеке инвестиция тарту көзделген.

Өнеркәсіп саласында аудан Шығыс Қазақстан облысының жалпы өндірісінің 5,2 пайызын қамтамасыз етеді. Оның басым бөлігі – өңдеу өнеркәсібінің үлесінде. Қазіргі уақытта Глубокоеда бірнеше ірі жоба жүзеге асырылуда. Мәселен, Предгорное ауылында өсімдік майын рафинадтау цехы салынып жатса, Прапорщиково ауылында кеме жасау шеберханасын ашу жоспарланған. Бұған қоса ауданда «Ертіс кеніші» мен «Анисимов қайнары» кен орындарында игеру жұмыстары жүргізілуде.

Агроөнеркәсіп саласында да оң өзгерістер бар. Ауданда жеті тауарлы сүт фермасы мен төрт бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 94 миллион теңгеден астам қаржыға сегіз жоба мақұлданған.

ТУРИЗМ ДАМЫП, ЖОЛДАР ЖАҢАРЫП ЖАТЫР

Туризм бағытында да ауданның әлеуеті артып келеді. Қазіргі кезде 22 демалыс және орналастыру нысаны қызмет көрсетуде. Тау шаңғысы, сауықтыру және экотуризм бағыттары дамып, жаңа нысандардың құрылысы қолға алынған. «Заречье» экологиялық қонақ үйін кеңейту, Таулы Үлбі ауылында жаңа демалыс үйлерін салу жоспарланған. Аудан аумағындағы туристік бағыттардың бойында санитарлық тораптар мен шолу алаңдарын салу да жалғасуда.

Инфрақұрылым саласында да елеулі ілгерілеу бар. 2025 жылы Быструха ауылында 2,9 шақырым көше жолы жөнделді. Жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеден асатын жол жобалары бойынша оң қорытындылар алынған.

Халықты сапалы ауызсумен қамту мәселесі де толық шешімін тапқан. Ауданда тұрғындардың 100 пайызы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Бобровка ауылында су құбыры желілерін қайта жаңарту жобасы іске асырылып, жеті елді мекенде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Әлеуметтік нысандар жылыту маусымына толықтай дайын.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ЕРЕКШЕ НАЗАРДА

Білім беру саласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Опытное поле ауылында 300 орындық жаңа мектеп ашылды. Жеті білім беру нысаны жөндеуден өтті. Прапорщиково ауылында жаңа мектеп салу жоспары қарастырылуда, себебі бұл елді мекенде оқушы орындарына сұраныс жоғары.

Денсаулық сақтау саласына да айтарлықтай инвестиция тартылған. Жалпы сомасы 278,7 миллион теңгеге заманауи медициналық жабдықтар сатып алынып, аудандық ауруханада 522 миллион теңгеден астам қаражатқа күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

Мәдениет пен спорт саласы да назардан тыс қалған жоқ. Ауданда 3 мыңнан астам бала тегін спорт секцияларында шұғылданып жүр. Бірқатар мәдени нысан жөнделіп, Белоусовка кентінде 150 орындық жаңа Мәдениет үйінің құрылысы жалғасуда. Алдағы уақытта жабық хоккей модулі мен жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарланып отыр.

– Глубокое ауданы мемлекеттік бағдарламаларды және Президент тапсырмаларын жүйелі орындау арқылы тұрақты дамып келе жатыр. Біздің басты мақсатымыз – тұрғындардың әл-ауқатын арттырып, өмір сүруге барынша қолайлы орта қалыптастыру, – дейді Э.Тумашинов.

Тегтер: F16ӘлеуметБрифингГлубокое ауданыПрезидент тапсырмасыЭкономика
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тынысы тарылған Өскемен

Өскеменде ауаның ластану деңгейі жоғары күйінде қалып отыр

28.04.2026, 12:20
Қазақстандық оқушылар Ұлыбританиядағы халықаралық роботты техника чемпионатында топ жарды

Қазақстандық оқушылар Ұлыбританиядағы халықаралық роботты техника чемпионатында топ жарды

28.04.2026, 10:17
Аида Балаева елорда мектебіндегі TopIQ Smart Class мүмкіндіктерімен танысты

Аида Балаева елорда мектебіндегі TopIQ Smart Class мүмкіндіктерімен танысты

28.04.2026, 09:55
Алтай станциясында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

Алтай станциясында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

28.04.2026, 09:33

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Дербес деректер – басты құндылық: Бектенов цифрлық қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды

28.04.2026, 12:55

Өскеменде ауаның ластану деңгейі жоғары күйінде қалып отыр

28.04.2026, 12:20

Меморандум көп, нәтиже аз: ШҚО әкімі инвестжобалардың игерілмей жатқанын сынға алды

28.04.2026, 11:57

Туристік маусымға дайындық: қауіпсіздік пен инфрақұрылым басты назарға алынды

28.04.2026, 11:30

ШҚО-да су тасқыны қаупі сейілмей тұр

28.04.2026, 10:42

Қазақстандық оқушылар Ұлыбританиядағы халықаралық роботты техника чемпионатында топ жарды

28.04.2026, 10:17

Аида Балаева елорда мектебіндегі TopIQ Smart Class мүмкіндіктерімен танысты

28.04.2026, 09:55

Алтай станциясында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

28.04.2026, 09:33

Жас ұстаз Жалғас Болатханұлы шекара түбіндегі ауыл мектебін неге таңдады?

27.04.2026, 18:23

Айналма жолдың ортасынан ер адамның денесі табылды – Өскемен

27.04.2026, 17:38

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған