Шығыс Қазақстан облысында ауыл туризмі қарқынды дамып келеді. Катонқарағай ауданының тұрғыны Тунғат Игманов «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несие алып, туристерді күтетін шағын демалыс үйін салды, деп хабарлайды F16.kz.
Оның айтуынша, тұмса табиғат аясында бой көтерген заманауи қонақ үйде жайлы бөлмелер, жылыту жүйесімен жабдықталған монша, қажетті жиһаздар мен тұрмыстық техника бар. Ал көз тоймас сұлу табиғат пен саф ауа – дертке дауа, жанға шипа.
Мұнда туристерге табиғат аясында атпен серуендеу, фитобөшкеге түсіп, шөп буымен денені тазарту, массаж, фитотерапия, бу мен емдік шөппен емдеу сияқты түрлі қызметтер ұсынылады. Сондай-ақ демалыс орны аумағында киіз үй тігіліп, онда қонақтар бал қымыз бен ұлттық тағамдардың әзірленуін көріп, дәм татады. Қазақтың дәстүрімен танысады.
Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі