Катонқарағай ауданында әкімдік қызметкері мас күйде көлік жүргізіп, жол апатына түскен.
Оқиға 27 қазанда Катонқарағай-Берел тас жолында Катонқарағай ауылынан шығаберісте болған, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Мас күйде көлік тізгіндеген әкімдік қызметкері қарама-қарсы келе жатқан автокөлікке соғылады. Бұл аздай, жарақат алып қансырап жатқан адамдарды сол жерде қалдырып, оқиға орнынан ізін суытқан.
Жол апатында зардап шеккендердің туыстары кінәлі адам жазадан құтылып кетпесін деген ниетпен әлеуметтік желіде видеоүндеу жариялады. Олардың айтуларынша, әкімдік қызметкері аудандық ішкі саясат бөлімінде жұмыс істейді. Оның мас болғанын дәлелдейтін анықтама да бар екен.
Бұл оқиғаға қатысты аудандық әкімдік ресми жауап берді.
Фото: liter.kz