Катонқарағай ауданы әкімдігінің бастамасымен, «Өскемен-Тазалық» ЖШС-ның қолдауымен Шыңғыстай ауылы маңында жаңа асфальт-бетон зауытының құрылысы басталды, деп хабарлайды F16.kz.
Зауыт құрылысы наурыз айында басталды, қазір оған шамамен 280 миллион теңге инвестиция салынған. Кәсіпорынның аумағы — 2 гектар. Құрылғылар мен құрылыс материалдары Қытайдан жеткізілді.
Құрылыс мамыр айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Зауытта 10 адам тұрақты жұмыс істейді және олардың жалақысы біліктілігіне қарай әртүрлі болады.
Бір қуантарлығы, компания Барлық, Ақсу, Берел және Аршаты ауылдарын байланыстыратын жолды асфальттауға бір уақытта кіріскен. Бұл ауылдық жерде жүріп-тұруды айтарлықтай жеңілдетіп, өмір сүру сапасын арттырады.
Асфальт өндірісіне қажет шикізат Еңбек ауылының жанындағы жаңа карьерден алынады. Бұл жергілікті өндірістің дамуына қосымша мүмкіндік ашады.
Жаңа зауыт — жай ғана құрылыс нысаны емес, бүкіл аудан үшін үлкен қадам: тұрақты жұмыс орындары, сапалы жол мен заманауи технология.
Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі