13-14 маусым күндері Катонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық фестивалі өтеді, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Айтулы шара барысында ғылыми конференция, поэзия фестивалі мен айтыс ұйымдастырылып, гала-концертте 11 елден келген әртістер өз өнерін паш етеді.
Фестиваль бағдарламасы төмендегідей:
13 маусым
11:00 – Дидахмет Әшімханұлының шығармашылығына арналған ғылыми конференция. Өтетін орны: Катонқарағай ауылы, Мәдениет үйі.
17:00 – «Төр Алтай Қалиханын және Дидахметін жырлайды» атты республикалық поэзия фестивалі. Өтетін орны: Топқайың ауылының өр жағы, Алтай тауының баурайы.
14 маусым
11:00–16:00 – «Алтай – алтын бесігім» атты халықаралық ақындар айтысы. Өтетін орны: Катонқарағай ауылы.
19:00–22:00 – «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық музыкалық фестивалі, гала-концерт. Өтетін орны: Катонқарағай ауылы, Ипподром.
Музыкалық фестивалінде «Музарт», «Абырой» және «Тұран» топтары, Қобыланды Болат, Құралай Мейрамбек, Әмре және тағы да басқа отандық жұлдыздар өнер көрсетеді. Сонымен қатар 11 елден келген әртістер өнерін паш етпек.