F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Күршім көпіріндегі той

admin_f16 admin_f16
26.10.2024, 17:05
Журналист жол үстінде, Күршім, Фоторепортаж
Күршім көпіріндегі той

Бұқтырма су қоймасынан өтетін көпірді Шығыс жұртшылығы жарты ғасырдан астам уақыт күткен еді. Республика күніне орай жаңа көпір салтанатты түрде қолданысқа берілді. 

\"\" Бұл тарихи оқиға әсіресе Күршім ауданының халқы үшін аса үлкен қуаныш болып отыр. Оны атап өту үшін күршімдіктер дүбірлі той жасап, халықтық мереке өткізді.

\"\"

\"\" Жаңа көпір тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, еліміздегі өнеркәсіп, құрылыс, кәсіпкерлік пен туристік салалардың дамуына ерекше серпін беретіні сөзсіз. Айта кетсек, бұл көпірді салуға бірде-бір шетелдік компания тартылған жоқ. Көпірді «ОблШығЖол» ЖШС тұрғызды. 

 —   Қазақстанда негізі инженерлер аз. Кәсіби дағдыларын жетілдіру үшін шетелден инженерлер шақырып, солардан үйреніп, тәжірибе алмасып жатырмыз. Осыйлайша, көпірді аман-есен бітірдік. Енді көпірдің жанындағы жанама технологиялық көпірді бұзып әкетеміз. Сонымен нүктесі қойылады, — деді «ОблШығЖол» ЖШС құрылысшысы Кенжебек Жанұзақов.

\"\" Бұл күні көпірдің жанындағы алаңда қырыққа жуық киіз үй тігілді. Межелі жерге таңғы сағат сегізде жиналған жұрттың қарасы қалың.  Бұл тарихи сәтке тек Күршімнің жұрты ғана емес, облыстың түкпір-түкпірінен, басқа аймақтардан келген қонақтар да куә болды. Олардың көбі кезінде осы жақта тұрған адамдар. Көшіп кетсе де, жерлестерінің қуанышына ортақтасып, осы тойға арнайы келіп қалған екен.\"\" Мұнда таңнан бастап түрлі спорттық жарыстар өтті: қол күрес, қазақ күресі, арқан тарту, гір көтеру, тай көтеру және т.б.

 

\"\"

—  Аманат ауылының тумасымын. 34 жыл бойы Славянкада дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істегенмін. Әлем чемпионымын.  12 жыл болды Астанада тұрып жатырмын. Бүгін осы тойды көріп қайтайын деп келіп отырмын. Той құтты болсын! Ғасырлар бойы аңсаған арманымызға жеттік. Бәріне денсаулық тілеймін, ел-жұртым аман болсын, құдайым қазағымды осындай мейрамнан айырмасын, — дейді спорттық ойындарда жұртты күш-жігерімен таң қалдырған Жәнібек ақсақал.

\"\" Бұл көпірді Шығыс жұрты ұзақ күтті. Әсіресе, жол азабын Күршім, Марқакөл аудандарының тұрғындары көп тартты. Бүгінде қуанышқа кенелген жұрт сол қиындықтарды еске алып, көпірдің салуына мұрындық болғандардың барлығына алғыс айтып жатыр.

\"\"

—   Кезінде Күршімде арқанмен өткізетін қол паромы болған. Кейін осы қазіргі паромды көрдік. Енді, міне, жаңа көпірге ие болдық. Көпірді салып бергендерге рақмет, көп жасасын! – дейді Күршім ауылының тұрғыны Сақыпжамал Қондыбаева.  

\"Қол Тойға жиналған жұрт аймақтың қолөнершілерінің көрмесін тамашалады. Одан бөлек тауар өндірушілердің өнімдері ұсынылған жәрмеңке де ұйымдастырылды.

 

\"\" \"\" Сағат  онда көпірде көлік қозғалысы уақытша жабылып, салтанатты автошеру басталды. Көк тулармен безендерілген жүз ақ автокөлік көпірмен өтіп, мерекелік атмсофераны ерекше көңіл-күйге бөледі.

\"\" Бұдан кейін 1,3 метр қашықтыққа кросс жүгірді. Бұл додаға еліміздің барлық облыстарынан келген 60-тан астам адам қатысты. 

Облыс әкімі Ермек Көшербаев күршімдіктер мен той қонақтарын Республика күнімен және көпірдің ашылуымен құттықтап, оның құрылысына елеулі еңбек сіңірген және қолдау көрсеткен азаматтарды марапаттады. 

\"\" Абай облысы әкімінің кеңесшісі Азамат Қасым, «Күршім» паромының капитаны Алтай Бердікпаев, аға капитаны Серік Нүкетаев және басқарушысы Қадылбек Жармұхамбетов алғыс хаттармен марапатталды.

— 2019 жылы «Егемен Қазақстан» газетіне Күршім өткелі туралы мақала жарияланды. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли осы мақаланы Мемлекет басшысына жеткізді. Президент өзекті мәселеге назар аударып, бірден облыс әкімдігіне тапсырма берді. Міне, бес жыл ішінде, яғни қысқа мерзімде осындай тамаша көпір пайдалануға беріліп отыр. Құтты болсын! – дейді белгілі журналист, қазір Абай облысы әкімінің кеңесшісі Азамат Қасым.

\"\" Ауданның құрметті азаматтарының алғыс сөздерінен кейін ақсақалдар бата берді. 

«Өлі разы болмай, тірі байымас» дейді ғой қазақ. Осы шарада Бұқтырма су қоймасындағы өткелде суға кетіп, қаза тапқандардың рухына құран бағышталып, ас берілді. Ас беру аудан жұртшылығының қаражаты есебінен өткізілді. Бұл шараға бес мыңнан астам халық жиналыпты.  Сол жерде ақ түйе сойылып, еті көп балалы және аз қамтылған отбасыларға таратылды.

\"\" \"\" Мерекенің ресми бөлігі облыстың әртістері мен шығармашылық ұжымдарының, сондай-ақ танымал қазақстандық әншілер Бейбіт Қорған мен Нұрлан Еспановтың қатысуымен өткен тамаша концертке ұласып, спорттық ойындарға қатысушыларды марапаттаумен аяқталды.

\"\" \"\" Айта кетсек, алдағы уақытта көпірдің арғы-бергі жағалауында полиция бекеттері орнатылмақ. Ал көпірден өту тегін бола ма әлде ақылы бола ма, ол жағы әлі шешіліп жатыр екен.

—   Бұл жуық арада шешілетін мәселе. Менің ойымша, үлкен көліктері үшін ақылы болу керек. Өйткені үлкен көліктер көпірге шығын келтіреді, көпірді ұстап күту шығындары да бар. Ал жеңіл көліктер жағын басшылық шешеді, — дейді Күршім ауданының әкімі Алмат Ақышев.

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Күршімде 60 үй мен әлеуметтік нысандар жылуға қосылады

27.05.2025, 12:55

Күршім ауданында ауызсумен қамтылмаған жалғыз ауыл қалды

26.05.2025, 15:00

ШҚО-да «Жасыл елдің» XXI маусымы ашылды

26.05.2025, 12:00

Әскери есепте тұрғандарды шақыртты: Күршімде оқу-жаттығу басталды

20.05.2025, 18:03

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Аламан бәйгеде Тарбағатайдың сәйгүлігі топ жарды

14.06.2025, 12:32

ШҚО әкімі және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары шекара бөлімшелеріне барды

14.06.2025, 11:30

Топқайын ауылында интернет желісі іске қосылды

14.06.2025, 11:18

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: рухани мерекенің алғашқы күні тарихи сәттермен өрнектелді

14.06.2025, 10:30

Қарт Алтайдың баурайында поэзия фестивалі өтті

14.06.2025, 10:15

Шығыс Қазақстандағы ең ірі ипподром Катонқарағайда салынды

14.06.2025, 09:08

Катонқарағайда ғимараттар үшін бірыңғай дизайн-код енгізіледі

13.06.2025, 18:23

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

13.06.2025, 17:17

Алты адамды судан құтқарып қалды – ШҚО

13.06.2025, 17:00

Биыл 10 мың бала тегін демалады

13.06.2025, 16:16

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған