Маралды ауылындағы Қараөткел көпірін қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Жөндеу жұмыстарын «Облшығысжол» ЖШС жүргізіп жатыр.
-
Тұрғындарға қауіпсіз және қолайлы болуы өте маңызды. Қазір жұмыстар жергілікті биліктің бақылауында және жоспарға сай жүргізіліп жатыр, — делінген аудан әкімдігінің мәліметінде.
Көпірді қалпына келтіруге 9 маман мен 5 техника бірлігі жұмылдырылған. Олардың қатарында трактор, тиегіш, манипулятор, КамАЗ (Хова) және Газель бар.
Фото: ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі