Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жарияланып жатқан әскери қызмет кезіндегі қайғылы оқиғалар ата—аналарды қатты алаңдатып жүр.
Осыған байланысты Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөліміне бір топ ата—ана келді. Олар гарнизонның тыныс-тіршілігімен танысып, сарбаздардың жағдайын өз көздерімен көріп қайтты, деп хабарлайды F16.kz cайты.
Бөлім қолбасшылығы ата-аналарға экскурсия ұйымдастырып, әскери бөлімнің барлық негізгі нысандары мен инфрақұрылымын көрсетті. Ата-аналар казарма, асхана, медициналық пункт және оқу орындарын аралап, әскери қызметшілердің күн тәртібімен танысты.
Келген ата—аналар әскер қолбасшылығына ашықтығы мен кері байланыстары үшін алғыс білдірді. Бұл сапардан олар балаларының сенімді қолда екеніне және қызметтері белгіленген стандарттарға сәйкес өтетініне көз жеткізді.
Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі