Өскеменде 22 қыркүйектен бастап кезекті профилкатикалық шара басталды. Тәртіп сақшылар 3 күн бойы қаладағы бақылауды күшейтіп, борышкерлерді іздестіреді, деп хабарлайды F16.kz.
Шараның басты мақсаты – әкімшілік айыппұлдарды өндіруі.
Айыппұл арқалаған адам жеті күш ішінде көрсетілген соманың 50%-ын төлейді. Ал, одан бас тартқан жағдайда еректі түрде төлеу үшін бір ай уақыт беріледі. Мерзім өткеннен кейін хаттама құқықбұзушының жұмыс орнына немесе жеке сот орындаушыларына жіберіледі. Олар жеке мүлікке тыйым салуы мүмкін, — дейді Өскемен қалалық ПБ баспасөз қызметі.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары айыппұлдан жалтарған жағдайда Әкімшілік кодекстің 785-бабына сәйкес көлік құралыңыз арнайы тұраққа қойылатынын еске салады.
«Борышкер» жедел-профилкатикалық іс-шарасы 24 қыркүйекке дейін жалғасады.




