Облыс орталығында үйлердің қасбеті ретке келтіріліп жатыр. Қалалық мәслихат депутаттары жөндеу жұмыстарының барысы мен сапасын тексерді, деп хабарлайды F16.kz.
Қазіргі күні Назарбаев даңғылындағы 14 үйдің қасбеті жөнделіп, су ағызу жүйелері, балкон мен кондиционер блоктарының сырты жаңартылып жатыр. Мердігердің айтуынша, жұмыстар кестеген сай жұүргізіліп жатыр. Қазір 70%-ы аяқталған.
Айта кетейік, қосымша бюджетті үнемдеу есебінен қаладағы тағы 4 үйдің қасбетін жөндеу жоспарланып отырған көрінеді.
Сондай-ақ Сағадат Нұрмағамбетов көшесіндегі үш үйге де жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Қазір оны жасайтын ұйым анықталып жатыр.