Өскемен қаласы аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды F16.kz.
Тәртіп сақшылары рейд жүргізіп, түнгі бақылауды күшейтпек.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Түнгі уақытта қараусыз жүрген жасөспірімдер қылмыс жасауы немесе қылмыстың құрбаны болуы мүмкін. Сондықтан түнгі уақытта үйден тыс жерде ата-анасының немесе заңды өкілінің бақылауынсыз жүру фактілері бойынша рейд жүргізіледі, — делінген Өскемен қаласы полиция басқармасының хабарламасында.
Профилактикалық шара 8 қарашаға дейін жалғасады.




