F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Рухымызда асқақтатар мерейлі мереке

admin_f16 admin_f16
24.10.2024, 20:19
Өскемен

 Қасықтай  қанын  шүберекке  түйген  батыр  бабалар толарсақтан  саз кешіп,  ел үшін  еміреніп,  жалаң  кеудесін  оқ  пен  найзаға төседі. Жарқын  келешегіміздің  бағытын  айқындайтын   республика  күнінде  қилы  тарихымызға  бір сәт  көз  жүгірткен абзал.

Биыл еліміз төрткүл дүниені өзіне қаратып, халықаралық саммит ұйымдастырды. Шанхай  ынтымақтастық ұйымының кезекті саммиті жоғары деңгейде өтті. Елордадағы қоғамдық  тәртіпті   қадағалау  мақсатында  Ұлттық  ұланның «Шығыс» өңірлік   қолбасшылығына   қарасты   Павлодар  қаласындағы  5512 әскери  бөлімінің  әскери қызметшілері  аттанған  болатын.  Астана қаласының Байқоңыр ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметке  кіріскен  ұландықтар санаулы күннің ішінде едәуір қылмыстың бетін ашып, бас қаланың қауіпсіздігін кірпік қақпай күзетті. Таяуда атом электр станциясын  салу жөнінде референдум өткізіп, халық дауысына салдық.  Бұл тарапта да  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери қызметшілер мемлекет үшін сындарлы шақта аталмыш станция бойыншатың мағлұматтарға қанық болып, дауыс беруіге бір кісідей белсене қатысты. Ұландықтар республикамыз үшін қажетті келелі оқиғадан еш қалыс қалған емес.  Өйткені,  егемен  ел  атану  жолында  шаһид  болған  бабалар ерлігі – баршамызға үлгі.  Ұрпаққа  аманат  еткен  ұланғайыр  даланың  тыныштығын күзетуде  бүгінде  Ұлттық  ұлан  әскерінің құндылығы  жоғары. Әсіресе, ел тыныштығын күзетуде қырағылық  танытқан  «Шығыс»  өңірлік  қолбасшылығының  жеке құрамы  жауынгерлік әзірлік  пен  кәсіби шеберліктерін  үнемі арттырып келеді. Сан салалы  даму мен жетілу сатыларынан  сүрінбей  өткен ішкі  әскер  жұрт басына  төнген кез келген  қауіп-қатерге  қарсы  тұрып аянбай әрекет етуде әзір. Темірдей тәртіпке бағынғандар «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының айбынын  асырып,  адуынды  істердің  адырнасын тартуда. 
 Жауынгерлік міндет атқаруда танытқан адалдық — ел мен жер  бүтіндігінің жарқын кепілі.  Айталық,  өткен жылдары  жаз  мезгілінде  орын алған Абай облысындағы алапат өрттің кесірінен жасыл байлығымыздан айырылып қалдық. Тілсіз жаудың  құрсауында қалған елдімекендер мал-жан,  үй-жайларын тастап қауіпсіз  аймаққа көшуге мәжбүр болды. Қысылтаяң  шақта  иесіз қалған ел-жұрттың мал-мүлкін қолының сұғы барлардан қорғап, мамыражай  ауылдардың берекесін сақтауда ұландықтар  бір  кісідей ат салысты. Қызыл жалын шарпыған аумақтың аужайын қаперінде ұстап,  кірпік қақпай қызмет еткен 5511 әскери бөлімінің қоғамдық тәртіп  қызметінің  сақшылары  аймақ тұрғындарының зор ықыласына бөленді. Ел алғысына бөленген  «Шығыс»  өңірлік қолбасшылығына қарасты аймақтың геосаяси, стратегиялық ауқымда жатқаны әмбеге аян. Сондықтан қолбасшылық  бейбіт  өмірдегі  ұлт тұтастығынын  қадағалап, айрандай ұйыған елдің аборойын асыруда жан аямай еңбек етуде.Мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ұрысқа қабілетті маңдайалды  құрылымдардың біріне  айналған  Ұлттық ұлан әскері  ерлік пен мінсіз қызметтің жоғары  үлгісін  әлі де  көрсете бермек. Бүгінгі мереке күндерінде де   қолбасшылықтың  жеке құрамы қызметтік-жауынгерлік міндеттерге білек сыбана кіріседі.  Өлкедегі  түзеу мекемелерінде қырандай  қырағылық  танытып,  тәртіпсіздіктің  жолын кессе,  өңірдегі  стратегиялық  нысандарды   көзінің  қарашығындай  қорғауда  табанды  қызметтер атқарудан еш тайынған емес. Отанымыздың қауіпсіздігін жанқиярлықпен  қорғауда  әскери  қызметшілердің  ерлігі  орасан зор. Себебі,  жауынгерлер  ел тыныштығын күзетуді  —  отансүйгіштіктің   нағыз айнымас белгісіне балайды. 
Ұлттық мерекенің  ұлықталуы — Ұлттық ұланның айбынын асқақтатып, жеке құрам  күш-жігерінің артуына  айрықша серпін бермек. Себебі,  отансүйгіш  жауынгер үшін қайта жаңғырған бұл мейрамның маңызы мен мәні тым тереңде жатыр. Бабалардан қалған асыл аманатымызды  қызғыш құстай қорып өту ұлтын сүйер ұландықтар еншісінде. Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт  Тоқаев  «Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық  батырларымызға тағзым күні ретінде аталып өтілуі керек» деп пікір қалдырған болатын.  Яғни,  тәуелсіздікті дәріптеп, нығайтуға нышан тұтқан әскери қызметшілер үшін  бүгінгі мейрам әманда зор құрметке лайық болып  қала бермек. 

Атабек Салықбаев, полковник, 

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

«Өскемен» аллеясы абаттандырылатын болады

«Өскемен» аллеясы абаттандырылатын болады

16.06.2025, 17:54
40 градус ыстық: ШҚО тұрғындарына ескерту жарияланды

40 градус ыстық: ШҚО тұрғындарына ескерту жарияланды

16.06.2025, 15:44
Өскемендегі перзентхана жаңа ғимаратқа көшіріледі

Өскемендегі перзентхана жаңа ғимаратқа көшіріледі

16.06.2025, 10:00
«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: халықаралық фестиваль көптің көңілінен шықты

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: халықаралық фестиваль көптің көңілінен шықты

15.06.2025, 01:10

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Өскемен» аллеясы абаттандырылатын болады

16.06.2025, 17:54

Экс-министрдің ұсталғаны туралы қауесетке байланысты қылмыстық іс қозғалды

16.06.2025, 17:22

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды

16.06.2025, 17:21

Құтқарушылар туристерге арналған жаңа цифрлық жүйені таныстырды – ШҚО

16.06.2025, 17:05

Шығысқазақстандық зейнеткер Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

16.06.2025, 16:24

Жолда қалған 800 адамға медициналық көмек көрсетілді

16.06.2025, 16:14

40 градус ыстық: ШҚО тұрғындарына ескерту жарияланды

16.06.2025, 15:44

ШҚО-да ақ халатты абзал жандар ардақталды

16.06.2025, 14:58

Полицейлер донор болып, қан тапсырды – ШҚО

16.06.2025, 14:20

Көлік терезесінен қол шығарсаңыз, айыппұл арқалайсыз

16.06.2025, 12:05

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған