Облыс орталығында аула командалары арасында шағын футболдан турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылып, бес күнге созылған турнирде 2011–2013 жыл аралығындағы жас футболшылар өзара мықтыны анықтады.
Барлығы 18 команда қатысып, нәтижесінде бас бәйгені «Жастар» командасы иеленді. «Самал» командасы екінші орынға тұрақтаса, «Алтай» командасы үшінші орынға ие болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом, медаль және естелік сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар аула футболын одан әрі дамыту мақсатында қала әкімдігі қатысушы командаларға футбол доптары мен торлар жиынтығын сыйға тартты.
Фото: Өскемен қаласының әкімдігі