F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өскеменде джиу-джитсуден халықаралық турнир өтті

admin_f16 admin_f16
25.05.2025, 10:02
Өскемен

Өскеменде тұңғыш рет джиу-джитсуден Халық қаһарманы Қасым Қайсеновты еске алуға арналған халықаралық турнир жалауын желбіретті, деп хабарлайды F16 тілшісі.

Өскемен қалалық денешынықтыру, спорт және туризм бөлімінің қолдауымен, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облыстық джиу-джитсу федерациясының ұйымдастыруымен өткен жарыстың мақсаты – өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау, джиу-джитсудің танымалдылығын арттыру. Бұл туралы жарыстың ұйымдастыру комитетінің мүшесі Дамир Төкеннен білдік.

– Соңғы жылдары елімізде джиу-джитсу мен грепплинг жекпе-жектерінің танымалдылығы айтарлықтай артты. Біздің облыс та да солай. Осыны ескере келе, Өскеменде Батыр атамыз Қасым Қайсеновтың мемориалын өткізуді жөн санадық. Бұл турнирді жыл сайын мамыр айында өткізіп тұруды жоспарлап отырмыз. Біздің бастамамызға қолдау білдірген ел ағаларына алғыс айтамыз, – дейді Д.Төкен.

Белгілі болғандай, биылғы турнирге төрт елдің спортшылары, барлығы 32 джитсер қатысты. Дәлірек айтсақ, жарыста қазақстандық файтерлерден бөлек, Бразилия, Өзбекстан мен Тәжікстаннан келген спортшылар сынға түсті. Олардың жас ерекшеліктері мен атақ-дәрежелері де әртүрлі, арасында аталмыш спортқа енді қадам басқан бес жастағы балақайлардан бастап, ересек жастағы кәсіпқой джитсерлерге дейін бар.

Бір айта кетерлігі, жарыс жаңаша форматта ұйымдастырылыпты. Яғни, жас ерекшелектеріне қарай бөлінген 16 жұп өзара мықтыны анықтап, арнайы тағайындалған белбеулерді сарапқа салады.

Борис Александров атындағы Спорт сарайында өткен турнир есігі кез келген адам үшін ашық болды. Осы ретте бұл күні танымалдылығы уақыт өткен сайын артып келе жатқан джиу-джитсу жекпе-жектерін тамашалауға бірталай халық жиналғанын айту керек.

– Болашақ чемпиондарды даярлауда мұндай жарыстардың орны бөлек. Себебі, дәл осындай халықаралық турнирлерге қатысу арқылы тәжірибе жинап, шеберлікті шыңдауға болады. Бұл әсіресе жас спортшылар үшін аса маңызды. Жалпы, соңғы жылдары біздің джитсерлер ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелер көрсетіп, Әлемде үздіктер қатарынан ойып тұрып орын алды. Жоғары жетістікке жетіп жүрген қазақстандықтардың арасында біздің жерлестер де аз емес, – дейді Д.Төкен.

Айта кетейік, бұл жолғы жарысқа қатысушылардың арасында Өскемендегі Қасым Қайсенов атындағы джиу-джитсу мен грепплинг академиясының бірнеше тәрбиеленушісі де болды. Соңғы жылдары республикалық қана емес, халықаралық додаларда үздіктер қатарынан көрініп жүрген академия тәрбиеленушілерінің саны жылдан жылға артып келе жатқаны қуантады. Дәл қазіргі уақытта онда 300-ге жуық джитсер жаттығады екен.

Нұржан Кенжеұлы

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

«Өскемен» аллеясы абаттандырылатын болады

«Өскемен» аллеясы абаттандырылатын болады

16.06.2025, 17:54
40 градус ыстық: ШҚО тұрғындарына ескерту жарияланды

40 градус ыстық: ШҚО тұрғындарына ескерту жарияланды

16.06.2025, 15:44
Өскемендегі перзентхана жаңа ғимаратқа көшіріледі

Өскемендегі перзентхана жаңа ғимаратқа көшіріледі

16.06.2025, 10:00
«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: халықаралық фестиваль көптің көңілінен шықты

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: халықаралық фестиваль көптің көңілінен шықты

15.06.2025, 01:10

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Өскемен» аллеясы абаттандырылатын болады

16.06.2025, 17:54

Экс-министрдің ұсталғаны туралы қауесетке байланысты қылмыстық іс қозғалды

16.06.2025, 17:22

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды

16.06.2025, 17:21

Құтқарушылар туристерге арналған жаңа цифрлық жүйені таныстырды – ШҚО

16.06.2025, 17:05

Шығысқазақстандық зейнеткер Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

16.06.2025, 16:24

Жолда қалған 800 адамға медициналық көмек көрсетілді

16.06.2025, 16:14

40 градус ыстық: ШҚО тұрғындарына ескерту жарияланды

16.06.2025, 15:44

ШҚО-да ақ халатты абзал жандар ардақталды

16.06.2025, 14:58

Полицейлер донор болып, қан тапсырды – ШҚО

16.06.2025, 14:20

Көлік терезесінен қол шығарсаңыз, айыппұл арқалайсыз

16.06.2025, 12:05

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған