6 маусым – Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні. Шығыс Қазақстанда айт намазы 07:00-де оқылады, деп хабарлайды F16.kz.
Өскемендіктер биыл арнайы белгіленген Атығай асуының маңында құрбан шалады. Ол жерде мал сою үшін арнайы 40 қасапшы жұмыс істейді.
Ветеринариялық бақылау бекеті қойылып, сол жерде мамандар құрбандыққа әкелінген малды, оның құжаттарын және етті толық тексереді. Сондай-ақ мал сою орындарындағы санитарлық-ветеринарлық талаптардың сақталуын қатаң қадағалайды.
Фото: Өскемен қаласының әкімдігі