Өскемендегі Бажов көшесі, 38 үйдің маңында шаруашылық құрылыстарынан өрт шығып, артынша қызыл жалын \»Volkswagen\» маркалы автокөлігі мен екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің шатырына тараған, деп хабарлайды F16.kz.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, тұрғындарды эвакуациялау қажет болған жоқ. Алайда бір адам термиялық күйік алып, ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері алғашқы көмек көрсетті.
Сондай-ақ ШҚО ТЖД тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектігін еске салады.
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі