Өскемендік жасөспірімдер жоғалып кеткен жасөспірімді видеоаналитика көмегімен тапты, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
17 жастағы жасөспірім ата-анасының хабарынсыз ауылдық жерден қалаға келген. Ұлдарына алаңдаған ата-ана бірден тәртіп сақшыларына жүгінген.
Қазіргі уақытта облыс орталығында аталған бейнебақылау жүйесін көбейту үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қоғамдық орындарға видеоаналитика функциясы бар 300 камера орнату жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттырып, өңірде «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайтуға септігін тигізеді.
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі