Өскемендегі ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында және облыстағы барлық бастапқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерінде Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Барлық өңір тұрғындары мен қонақтары онколог-дәрігерлер мен дерматологтардан тегін кеңес, тері қатерлі ісігін алдын алу, өзін-өзі тексеру және ерте анықтау жолдары туралы ақпарат ала алады.
Шара тері обыры мен меланомаға қарсы ақпараттық апта аясында ұйымдастырылып отыр.
ҚР Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының деректері бойынша, 2023 жылы Қазақстанда 3500-ден астам тері қатерлі ісігі және шамамен 300 меланома жағдайы тіркелген. Көрсеткіш әсіресе 55 жастан асқан әйелдер арасында артып келеді. Сондықтан мамандар өз денсаулығыңызға мұқият қарап, тері күйін тұрақты бақылау маңызды екенін айтады.
Фото: pixabay.com