Биылғы 27 сәуірде әлеуметтік желілерде Өскемендегі құс фабрикасының сарқын суды далаға ағызғаны туралы видео жарияланды. Видео негізінде облыстық экология департаментінің қызметкерлері тексеру жүргізді, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
ШҚО экология департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, арам судың ағып жатқаны туралы ақпарат расталған.
Мамандар судың құрамында ластаушы заттардың бар-жоғын анықтау үшін су және топырақ сынамаларын алған.
Фото: ШҚО экология департаменті