F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өскемендіктер Сағадат Нұрмағамбетовтің рухына тағзым етті

admin_f16 admin_f16
07.05.2025, 14:26
Өскемен

Бүгін өскемендіктер Жібек маталар комбинатындағы Сағадат Нұрмағамбетов саябағына жиналды. Ондағы мақсат біреу — Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, Армия генералы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, батыр рухына тағзым ету, деп хабарлайды F16.kz тілшісі. 

Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов 1924 жылы 25 мамырда Ақмола облысының Ақкөл ауданында өмірге келген. 1942 жылы Кеңес әскерінің қатарына шақырылып, Түркіменстанның Кушка қаласындағы әскери училищеде оқыған. Оқуын бітірген 1943 жылы майдан шебіне аттанған. Сұрапыл соғыста ол пулемет взводының, пулемет ротасының командирі, 5-екпінді армияның ІІ дәрежелі Суворов орденді 301-Донецк атқыштар дивизиясының 1052-атқыштар полкі құрамында батальон командирі болып шайқасты.

1945 жылы 27 ақпанда Польша жерінде жау қорғанысын бұзып өту кезінде көзсіз ерлік көрсеткені үшін 21 жастағы Сағадат Қожахметұлына Кеңес Одағының батыры атағы беріледі. 

Ол соғыс жылдары Кубань, Дон, Молдавия жерлерiнде болған, Одер, Шпрее өзендерiнiң бойында өткен шайқастарға қатысқан. Соғыстан кейін Мәскеудегі Фрунзе атындағы Әскери академияда оқып, бітірген соң Орта Азиядағы Түркістан әскери округіне полк басқаруға жіберіледі. Бұдан кейін көптеген әскери лауазымды қызметті атқарған Сағадат Қожахметұлы 1992 жылы егемен еліміздің ең алғашқы қорғаныс министрі болып тағайындалады.

1993 жылғы оған генерал-полковник шені берілсе, бір жылдан кейін Халық Қаһарманы атағы мен №1 «Алтын Жұлдыз» табыс етілген.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов даңқты әскери қолбасшының майдан шебінде ғана емес, егеменді еліміздің Қарулы күштерін құруда да аянбай еңбек еткенін атап өтті. 

\"\" 

Мемлекет басшысы, Қазақстан Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қорғаныс әлеуетін арттыруға әрдайым ерекше көңіл бөліп келеді. Отан қорғау – қасиетті парыз, мәртебелі міндет. Саланатты жиынның Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, Армия генералы Сағадат Нұрағамбетовтың ескерткішінің алдында өткізуіміздің символдық мәні зор. Халқымыз қайсар перзенті майдан взвод және батальон командирі ретінде Берлин шайқасына қатысты. Бейбіт заманда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі атанып, Қарулы күштерін құруда және қалыптастыруда зор үлес қосты, — деді облыс әкімі.

\"\"Шара барысында еліміздегі бейбіт өмірді, тыныштық пен тұрақтылықты сақтауға зор үлес қосып жүрген азаматтар облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. 

Мен бүгінде ел тыныштығын қорғауға өз үлесімді қосым жүргеніме мақтанамын. Бұл мен үшін жауапкершілігі зор, мәртебелі қызмет. 80 жыл бұрын ата-бабамыз Отан үшін, болашақ үшін жан аямай соғысты. Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ жерінен 1 миллионнан астам жауынгер аттанды. Олардың жартысынан көбі майданнан оралмады. Жеңіске жету жолында Қазақстан халқының елеулі үлес қосқанына тарих куә. Батыр бабалардың ерлігі бізге мәңгіге үлгі болып қалады. Егеменді елдің қарқынды дамуына үлес қосу – біздің басты міндетіміз, — деді шекара қызметінің жауынгері Дмитрий Анатольевич.

Айта кету керек Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің аты Өскеменде бір мектеп пен орталық көшеге берілген. Сонымен қатар 2022 жылы қаладағы жаңа ықшамауданда батырдың атына саябақ ашылып, ескерткіші бой көтерген.

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өнер мен сезім тоғысқан: Өскеменде Ольга Плотникованың жеке көрмесі ашылды

Өнер мен сезім тоғысқан: Өскеменде Ольга Плотникованың жеке көрмесі ашылды

20.06.2025, 18:05
ШҚТУ 1,5 млрд теңгенің мүлкі мен жер телімін мемлекетке қайтарды

ШҚТУ 1,5 млрд теңгенің мүлкі мен жер телімін мемлекетке қайтарды

20.06.2025, 10:40
37 градус: Ертең тағы аптап ыстық болады

37 градус: Ертең тағы аптап ыстық болады

19.06.2025, 16:35
Гимназия түлектеріне ақ жол тіледі – Өскемен

Гимназия түлектеріне ақ жол тіледі – Өскемен

19.06.2025, 12:15

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

­ШҚО-да орман өртін сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды

22.06.2025, 11:17

Өнер мен сезім тоғысқан: Өскеменде Ольга Плотникованың жеке көрмесі ашылды

20.06.2025, 18:05

Жазғы туризм мен қауіпсіздік: ШҚО-да вице-премьер кеңейтілген кеңес өткізді

20.06.2025, 17:32

Жол бойында интернет тарататын құрылғылар орнатылады – Зайсан

20.06.2025, 17:18

Үлкен Нарыннан бір жылда 56 адам көшіп кетті – аудан әкімі

20.06.2025, 16:44

Қазақстанда тағы бір демалыс күні пайда болуы мүмкін

20.06.2025, 16:18

ШҚО-да 380 мың тонна прекурсор тәркіленді

20.06.2025, 15:43

Қазақстана жүкті әйелдерге арналған көмек жетілдіріледі

20.06.2025, 15:00

Нұрымбет Сақтағанов: инвестиция – әкімдер жұмысының негізгі өлшемі

20.06.2025, 14:34

Ертіске сібір бекіресінің шабақтары жіберілді

20.06.2025, 14:07

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған