Согра шағын ауданындағы жағдайға байланысты мектеп оқушылары қашықтықтан оқуға ауыстырылды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше әлеуметтік желіде Сограны сұрғылт түтін басқан түрлі видеолар тарай бастады. Экология департаментінің мамандары бірден іске кірісіп, тексеру жүргізді.
Ал ата-аналар чатында төмендегідей ақпарат тарай бастады:
Жағдай жергілікті билік пен «Өскемен тынысы» экологиялық қорғау бюросының бақылауында.