2025 жылғы 19 мамырда Өскеменнің Әуежай ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі, деп хабарлайды F16.kz.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық жедел штабының мәлімдеуінше, оқу-жаттығу барысында лаңкестік сипаттағы жағдайлар кезінде жедел әрекет ету мәселелері пысықталады. Осыған байланысты бірқатар шектеу шаралары, оның ішінде көлік қозғалысына шектеу қойылады.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан аталған іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және тиісті мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз.
Фото: gov.kz