Өскемен қаласында заңсыз такси жүргізушісі болған шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды F16.kz.
Құжаттарын тексеру кезінде жүргізуші жолаушыларды мобильді қосымша арқылы ресми рұқсатсыз тасымалдағаны белгілі болды.
Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында заңсыз жұмыс істеген 30-дан астам шетелдік азамат анықталған. Сот шешімімен олардың әрқайсысына 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар жұмыс берушілер де жауапқа тартылып, оларға 30 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі