Тимирязев көшесіндегі 4 қабатты жатақхана ғимаратынан өрт шығып, 68 тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Бірінші қабаттағы бөлмелердің бірінде 5 шаршы метр алаңда жиһаз отқа оранды.
Қауіпсіздік мақсатында түтін басқан ғимараттан 68 тұрғын, оның ішінде 19 бала эвакуацияланды, — дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері азаматтарды тексеріп, қажетті алғашқы көмек көрсетілді.