Өскемендегі орталық көшелердің бірінде декоративті жарықтандыру іске қосылды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Айта кетейік, бұған дейін Республика алаңының маңы мен Достық үйінің аумағы декоративті жарықтандырумен безендірілген. Түнгі уақытта көшенің самаладай жарқырап тұруы тарихи орталыққа ерекше әсемдік сыйлап, тұрғындардың көңілінен шыққан.
Қала әкімдігі биыл тағы бірнеше көшеде декоративті жарықтандыру іске қосылатынын хабарлаған еді.
Күні кеше Жеңіс даңғылында аталған жұмыстар аяқталды. Тұрғын үйлердің қасбеті жарқырап тұр.