F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тарбағатайда салтанатты түрде ашылған мектеп әлі күнге бос тұр

admin_f16 admin_f16
17.03.2025, 09:00
Тарбағатай

Былтыр 13 желтоқсанда Тарбағатай ауданының Шолақорда ауылында Б.Майлин атындағы жаңа мектептің лентасы қиылған. Оның ашылу рәсіміне облыстық білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева арнайы келіп қатысып, білім ордасы оқушыларды қабылдауға дайын екенін айтқан. Бірақ содан бері бірнеше айы өтті, ауыл балалары асыға күткен мектеп әлі күнге дейін жабық тұр.

Бұл жағдай тұрғындардың наразылығын туғызып, билік өкілдеріне мәселені төтесінен қоюға себеп болды. 

550 млн теңгеге салынды

Facebook әлеуметтік желісіндегі “Auldan Habar” парақшасында ұсынылған ақпаратқа сүйенсек, жаңа мектептің құрылысына бюджеттен 550 миллион теңге бөлініп, негізгі құрылыс жұмыстарын “Plaza construction” ЖШС жүргізді. Нысан құжат жүзінде қолданысқа берілгенмен, іс жүзінде шолақордалық оқушылар мен ұстаздар әлі сол бәз-баяғы тозығы жеткен ғимаратта оқып жатыр.

Ауыл тұрғындарының шағымына байланысты биылғы 12 наурызда облыстық мәслихаттың депутаты, аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Болат Нүрпейісов пен AMANAT партиясы Тарбағатай аудандық филиалының төрағасы Асқар Боғырбаев мән-жайды білу үшін арнайы рейд ұйымдастырды.

Ғимарат электр желісіне қосылмаған

Рейд барысында анықталғандай, жаңа мектептің жұмыс істемеуінің басты себебі – электр қуатына қосылмауы. «Біріккен энергосервистік компаниясы» АҚ 2024 жылғы 17 тамыздағы №02-01-20/4491 техникалық шарт тізбесінің 2-тармағы орындалмаған. Басқаша айтқанда, мектеп электр жүйесіне толық қосылмаған.

Болат Нурпейісов бұл мәселеге қатысты облыстық білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышеваның атына депутаттық сауал жолдаған. Аудандық партиялық бақылау комиссиясы былтыр желтоқсанда және биыл қаңтарда бірнеше рет қадағалау жүргізгенімен мәселе әлі шешілген жоқ.

Бұл көзбояушылық емес пе?

Жергілікті халықтың билікке деген сенімі жоғалк бастаны байқалады. Тұрғындар мектептің ашылуында өткізілген салтанатты шараның шынайылығына күмән келтіріп, әлеуметтік желіде билікті сынға алды.

— Иннеса Чернышева ханым былтыр наурызда алқалы жиын өткізіп, салтанатты түрде ашып кеткен мектеп әлі іске қосылған жоқ. Сол жиында бұл мәселе көтерілді ме? Қашан көзбояушылықты қоямыз? Алға жылжу қайдан болады? Шалғай ауылдарда әлі күнге дейін интернет жоқ, байланыс жоқ! “Ұстаз” платформасына ауыл мұғалімдері қалай кіреді? Жалған есеп беруден арыла алмайтын болдық! — деді аудан тұрғыны, педагог Жанна Сәкетаева.
— Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам. Бұл мектеп балалардың оқуына дайын болмай жатып, «бітіп қойды» деп ашылуы қалай? Ауылдағы ата-аналар мен балалардан ұялмайсыздар ма? Әлде жоғары билік алдындағы бедел үшін дайын емес мектепті пайдалануға бердік деп аудан халқын алдау дұрыс па?, — деп жазды аудан тұрғынв Жарас Тұрысбеков.

Аудан әкімдігі не дейді?

Аудандық білім бөлімінің басшысы Самал  Дауытбаеваға мектептің электрмен жабдықтау мәселесін түбегейлі шешу үшін тапсырма берілгені белгілі болды.

Аудан әкімдігі бұл жағдайға қатысты ресми жауап берді:

— Мектептің құрылыс жұмыстары аяқталған. Қазір ғимарат жанындағы трансформаторды электр желісіне қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыстық “БЭСК” АҚ мекемесіне қосу туралы өтініш хат жіберілді. Алдағы аптада қосу жұмыстары басталады. Облыстық білім басқармасы, аудан әкімдігі және білім бөлімі мәселені бақылауда ұстап отыр. Жоспар бойынша мектеп ұжымы 4-тоқсанда жаңа ғимаратқа көшеді.

Ашылған, бірақ ашылмаған мектеп

Шолақордадағы мектеп былтыр ресми түрде ашылды, бірақ әлі күнге дейін пайдалануға берілген жоқ. Бұл жағдай халықтың билікке деген сенімін жоғалтып, ашуын тудыруда.

Егер мәселе таяу арада шешілмесе, облыстық білім басқармасы мен құрылысқа жауапты компаниялардың әрекетіне қатысты тергеу жүргізу қажеттілігі туындайды. Себебі тұрғындардың сұрағы орынды:

“Бұл мектеп шын мәнінде ашылды ма, әлде бұл тек халықты алдау үшін ұйымдастырылған кезекті салтанатты рәсім бе?”

Фото: Auldan Habar/Facebook

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскемен, Зайсан мен Тарбағатайда жаңа кинотеатрлар салынады

Өскемен, Зайсан мен Тарбағатайда жаңа кинотеатрлар салынады

12.06.2025, 11:28
Тарбағатайда 1,3 млрд теңге бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған

Тарбағатайда 1,3 млрд теңге бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған

04.06.2025, 17:00

Тарбағатайдың әлеуметтік нысандары мен су тасқыны мәселесі бақылауда

03.02.2025, 20:00

Өскеменде Тарбағатайдың мәдени күндері өтеді

06.11.2024, 12:00

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Аламан бәйгеде Тарбағатайдың сәйгүлігі топ жарды

14.06.2025, 12:32

ШҚО әкімі және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары шекара бөлімшелеріне барды

14.06.2025, 11:30

Топқайын ауылында интернет желісі іске қосылды

14.06.2025, 11:18

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: рухани мерекенің алғашқы күні тарихи сәттермен өрнектелді

14.06.2025, 10:30

Қарт Алтайдың баурайында поэзия фестивалі өтті

14.06.2025, 10:15

Шығыс Қазақстандағы ең ірі ипподром Катонқарағайда салынды

14.06.2025, 09:08

Катонқарағайда ғимараттар үшін бірыңғай дизайн-код енгізіледі

13.06.2025, 18:23

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

13.06.2025, 17:17

Алты адамды судан құтқарып қалды – ШҚО

13.06.2025, 17:00

Биыл 10 мың бала тегін демалады

13.06.2025, 16:16

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған