Ұлан ауданында туризмді дамыту шеңберінде 3 жылда 2,7 млрд. теңге жеңе инвестиция тартып, рекреациялық аумақтарды дамыту жоспары әзірленді, деп хабарлайды F16.kz.
Оның аясында бірқатар ауқымды жобаларды жүзеге асыру көзделген. Бұл туралы Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Лязиза Кенжетаева айтты.
Сартымбет көлінде муниципалды жаңа жағажай жабдықталады. Өскемен-Алматы тасжолының бойында орналасқан, суы ем, жағасы жайлы демалыс орны туристер үшін қолайлы болады деп ойлаймыз. Қазір Айыртау ауылының кәсіпкерлерінен өтінім түсіп жатыр, — деді ол.
Облыс орталығынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан Сартымбет көлінің жағалауын жабдықтау бойынша қазір келіссөз жүргізілуде.