Қазақстандықтардың 71,12 пайызы референдумда АЭС құрылысын қолдап дауыс берді.
Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды F16.kz cайты.
Соңғы деректер бойынша, референдумға қатысуға құқығы бар ҚР азаматтарының жалпы саны — 12 млн 284 мың 487. Дауыс беруге 7 млн 820 мың 204 адам қатысқан, бұл референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66 пайызы.
Дауыстарды санау кезінде есепке алынбаған бюллетеньдер саны — 82 729. Сондай-ақ 130 267 бюллетень жарамсыз деп танылған.
Фото:
Liter.kz