Парламент депутаттары елдің шығыстағы өңірлеріне уақыт белдеуін қайтару керек екенін айтты.
Өйткені жергілікті халық үшін жаңа уақыт белдеуі тиімсіз, сондықтан бұған қатысты шағым да көп болды, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Парламент депутаты Мақсат Толықбайдың айтуынша, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Абай, Жетісу облыстарының халқы уақыт белдеуіне қатысты сұрақтарды көп қойған екен.
Осы мәселе бойынша «Аманат» фракциясының арнайы жиыны өтіпті. Енді депутаттар Парламенттің жалпы отырысында тыңдау өткізіп, шығыстағы уақыт белдеуі бойынша мәселені Үкімет мүшелерінің, ғалымдар мен мамандардың қатысуымен талқылауды көздеп отыр.
Фото: syrboyi.kz