Үлкен Нарын аудандық аурухана базасында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту бөлімшесі ашылады. Бұл туралы аудан әкімі Елдос Байрахметов айтты, деп хабарлайды F16.kz.
«Қамқорлық» қорының қолдауымен ашылатын оңалту орталығының қызметіне Үлкен Нарынның ғана емес, Катонқарағай, Күршім, Алтай және Самар аудандарының тұрғындары да жүгіне алады.
Бүгінде ауданда медицинаны дамыту мақсатында жұмыстар жүйелі атқарылып жатыр. Жақын арада аудандық ауруханаға жылжымалы рентген-маммографиялық аппарат сатып алу жоспарланған. Медициналық құрылғы арқылы шалғай елді мекендерде диагностикалық зерттеулер жүргізу мүмкіндігі арта түседі.
Фото: egemen.kz