Көшпенділер ойындары еліміздің бюджетіне 300 миллион теңге көлемінде пайда әкелді. Бұл ойындарды ұйымдастыруға кеткен шығыннан 20 есе аз.
Көшпенділер ойынын өткізуге 5,7 млрд теңге кетті. Әр қатысушыға 1,8 млн теңгеге жуық қаражат жұмсалған екен, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Туризм және спорт министрлігінің ақпараты бойынша, ойындарды 250 000 көрермен тамашалаған. Шетелдік қонақтардың жалпы шығыны 7,5 млрд теңгені құрады. Ал елдің бюджетіне олар $625, яғни 300 млн теңге пайда әкеліп отыр.
Қыркүйектің 1-13 аралығында елімізде 597 мың шетелдік турист қонақ болып қайтқан.
Сондай-ақ Оңтүстік Корея, Әзірбайжан, Моңғолия және Ұлыбританиядан да біршама турист келген.
Фото: Ақорда