Былтыр Шығыс Қазақстан облысында туристік іс-шараларды ұйымдастырумен байланысты мемлекеттік сатып алу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Денис Шакенов мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.
Ведомство басшысының айтуынша, 2024 жылы желтоқсан айында өңірлік «Туристік ақпарат орталығы» КМК блогерлер мен БАҚ өкілдеріне ақпараттық тур ұйымдастыру үшін жеке кәсіпкермен 7,3 миллион теңгеге келісімшарт жасаған. Нәтижесінде орындаушы, яғни жеке кәсіпкер келісімшартта көрсетілген міндеттемелерді толық орындамаса да тапсырыс беруші жұмыстың атқарылғаны туралы актіге қол қойған.
Фото: F16.kz