Литийді цифрлы дәуірдің мұнайы немесе «ақ мұнай» деп атап жатыр. Бұл сирек металлға деген сұраныс болашақта ерекше болмақ.
Шығыс Қазақстан облысында литий өндірісі қолға алынуы әбден мүмкін, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев KIGAM президенті Пёнг-Ку Лиді және SK Ecoplant вице-президенті Хансоль Пэкті қабылдады. Кездесуде Корея Геологиялық зерттеу және минералды ресурстар институтының (KIGAM) Шығыс Қазақстан облысындағы «Бакенное» литий кен орнында жүргізген барлау жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.
Фото: akorda.kz