30 қаңтарда Өскеменде жантүршігерлік қылмыс болды.
Түнде жеке үйдегі өрттен кейін үш адамның — 76 жастағы ер адам, 69 жастағы әйел және 51 жастағы туысының денелері табылды. Олардың бастарынан шабылған жарақаттар анықталған, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Бұл туралы бейресми ақпарат Телеграм-дағы «Криминальный Казахстан» арнасында жарияланды.
Қайғылы оқиға ішімдік әсерінен болған жанжал кезінде болған. Күдікті — 27 жастағы туысы — қылмыстың ізін жасыру үшін мәйіттерді жертөлеге тастап, үйді өртеп жіберген. Тергеу амалдары барысында пышақ пен балта тәркіленіпті.
ШҚО Полиция департаменті бұл ақпаратты растап отыр.
Фото: жасанды интеллект көмегімен жасалды