Елімізде 15-28 жас аралығындағы жастардың дені жалдамалы жұмыста еңбек етіп жүр. Былтыр олардың саны шамамен 1,4 миллион адам болған, деп хабарлайды F16.kz.
Finprom.kz таратқан мәліметке жүгінсек, былтырелімізде 15-28 жасаралығындағыжұмысістейтінжастардыңсаны 1,8 миллионадамғажеткен. Бұл 2023 жылменсалыстырғанда 0,6%-ғаартық. Бұл жастағыадамдардың басым үлесі, яғни 1,4 миллионадам (жалпыкөрсеткіштің 77,7%-ы) –жалдамалықызметкер.
ҚАНДАЙ МАМАНДЫҚТАРҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТӨМЕН?
Сонымен қатар жастардың арасында жеке кәсіпкерлікпен 331,9 мың адам айналысса, тәуелсіз қызметкер – 58,3 мың, серіктестік пен кооператив құрылтайшылары – 2,7 мың, жеке практикамен айналысатындар 2,4 мың адам болған.
Жастар көбі сауда, техника жөндеу, білім беру, сондай-ақ ауыл, орман және балық шаруашылығы салаларында жұмыс істейді. Ал электрмен, сумен қамту, жылжымайтын мүлікпен айналысу сияқты салаларда керісінше жастар аз.
Жасы 28-ге толмағандардың ішінде мамандандырылған кәсіби қызметкерлер 424,4 мың болса, қызмет көрсету және сауда саласында еңбек ететіндер 291,7 мың адамға жеткен. Біліктілігі жоқ жұмысшылар – 281,7 мың, техникалық және көмекші мамандар – 195,1 мың, өндіріс, құрылыс және көлік саласының мамандары 142,6 мың адам болды.
ЕҢ КӨП ЖҰМЫССЫЗ ЖАСТАР ҚАЙ ҚАЛАДА?
Сондай-ақ желілік басылым былтыр 15–28 жас аралығындағы 62 мың адам жұмыссыз ретінде тіркелгенін жазды. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 6,7%-ға төмен.
Айта кетейік, жұмыссыз жастардың көбі Алматы (11,1 мың), Астана (7,8 мың) қалаларында және Алматы облысында (7,7 мың) анықталған. Ең аз жұмыссыз жастар Ұлытау (567 адам), Павлодар (1,3 мың) және СҚО (1,4 мың) облыстарында.
Фото: F16.kz/жасанды интеллект