1 мамырдан бастап мобилді бригадалардың жұмыс тәртібі өзгереді. Десе де жедел жәрдем қалыпты режимде жұмыс істей береді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
Ведомствоның мәліметінше, мұндай өзгерістер жедел жәрдемнің келуін ұзақ күту бойынша шағымдарға байланысты жүзеге асырылды. Әрі шұғыл қызмет жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында емханалар жанындағы жеделділіктің 4-санатындағы шақыртуларға қызмет көрсететін мобилді бригадалар жұмысының қағидаларына өзгерістер енгізіп отыр.
Жеделділіктің 4-санатындағы шақыртулар пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қауіп жоқ, пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін, бірақ медициналық араласуды қажет ететін жағдайларға қатысты.
Сонымен, 1 мамырдан бастап не өзгереді:
● емханалардың жанындағы мобилді бригадалар жұмыс уақытында — 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді;
● өмірге қауіп төндірмейтін жеделдіктің 4-санатындағы шақыртулар (мысалы, жоғары қысым, температура, жеңіл жарақаттар) емханалардың жұмыс уақытында МСАК мобилді бригадаларына қайта бағытталатын болады;
● 20:00-ден кейін және демалыс күндері барлық шақыртуға, соның ішінде 4-санатқа, бұрынғыдай, жедел жәрдем бригадалары қызмет көрсетеді.
Статистика көрсеткендей, жедел жәрдем шақыртуларының 50%-дан астамы жеделділіктің 4-санатына жатады және созылмалы аурулардың өршуіне байланысты.
Мұндай шақыртулар ресурстардың жедел көмекке мұқтаж, өміріне қауіп төндіретін жағдайлары бар пациенттерге бара алмай қалатынын мойындау керек. Өзгерістер жүктемені оңтайландыруға, күту уақытын қысқартуға және бүкіл ЖМЖ жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Енді медициналық-санитариялық алғашқы көмектің мобилдік бригадалары шақыртуларға шығып, пациенттердің үйіне жоспарлы түрде баруды жүзеге асыратын болады. Бұл азаматтардың денсаулық жағдайын уақтылы бақылауды қамтамасыз етуге, әсіресе созылмалы аурулары бар пациенттердің жағдайының нашарлауына жедел ден қоюға мүмкіндік береді.
Фото: ҚР ДСМ